Хабар телеарнасы

«Хабар» арнасында «Наурыз LIVE» телемарафоны өтті

Бүгін «Хабар» арнасында Ұлыстың ұлы күніне орай «Наурыз LIVE» деп аталатын телемарафон өтті.  5 сағатқа созылған эфир барысында жүргізушілер мейрам төңірегінде 20 шақты қонақпен сұхбаттасып, еліміздің оншақты өңірі және қаласымен тікелей байланысқа шықты. Тіпті, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия мен Франциядағы тілшілеріміз де шетелдерде Наурыздың қалай тойланып жатқанын жеткізді. Телемарафон кезінде халыққа бір-бірін көгілдір экран арқылы құттықтауға да мүмкіндік берілді. Көрермендерден игі тілекке толы осындай 4 мыңға тарта СМС-хабарлама келді.