Хабар телеарнасы

Түркияның 10 провинциясында 90 күндік төтенше жағдай жарияланды

Түркиямен тікелей байланыс орнаттық. Үйінді астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары қалай жүріп жалғасып жатыр? 

Ақпарат сәт сайын жаңарып отыр. Соңғы мәлімет бойынша, қаза тапқандардың саны 3549 адамға жетті. Жарақат алғандардың саны 22 мыңнан асады. Мамандардың айтуынша, апатты жағдайларда ең маңыздысы-уақыт. Дегенмен, құтқарылған 8 мыңнан астам адам күллі жұртқа үміт сыйлап отыр. Апат алаңындағы азаматтардың бір бөлігі мемлекеттің берген орындарына орналасса, бір бөлігі басқа провинцияларға кетті. Солардың бірі - Гамзе Паша.

Гамзе Паша, Османие тұрғыны:
-Зілзала болған уақытта 3 жасар баламды алып, анама жүгірдім. Тілімізді кәлимаға келтіріп, анам мен баламызды денемізбен жаба бердік. Бір мақсат — баламызды қорғау. Бір күн көлікте тұрдық. Сосын Анкараға жолға шықтық. Жаңа ғана бауырымның үйіне келдім. Бір ғана нәрсені айта аламын. Құдай сақтады.

Жаңа ғана, ел президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеме жасап, Түркиядағы апатты әлемдегі ең ірі теңдесі жоқ апат деп атады. 10 провинцияны апаттық аймақ деп жариялап, 90 күндік төтенше жағдайлар режимін енгізді. Түркия Ұлы ұлттық мәжілісі төтенше жағдай режимін Парламентте дауысқа салады. Басқа тұстан, тап қазір аймақта 63 мыңнан астам кісі іздестіру, құтқару жұмыстарына жұмылдырылған. 70 мемлекеттен бөлек гуманитарлық көмекті 14 халықаралық ұйым ұсынған. Айта кеткен жөн, қазірге дейін аймақтан 380 мың 500 кісі қауіпсіз жерге көшірілген.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:
-Қаза болғандар мен жараланғандар саны артып барады. Қазіргі уақытта бізде 3549 адам қайтыс болып, 22168 адам жарақат алған. Біздің жұбанышымыз, 8 мыңнан астам азаматымыз аман қалды. Қайтыс болған азаматтарымызға Алланың рақымын тілеймін. Зілзаладан зардап шеккен 10 провинцияда 3 айға төтенше жағдай режімін енгіздік. Біз жер сілкінісі болған 10 провинциямызды апат аймақтары деп жариялаймыз.

Ел ішінде және шетелде апаттық аймағыларды қолдау мақсатында гуманитарлық көмек компаниялары басталды. Әрбір мектепте халық жылы төсек, киім-кешек пен азық-түлік секілді қажет-жарандарды жинақтап жатыр. Біздің отандастарымыз да бұл игі істе қалыс қалған жоқ. Түркия барлық жерінде қазақ жастары білім алып жүр. Солардың қатарында Ыстамбұлдағы «Бірлік жастар бірлестігі» бар. Бас консулдығымыздың қолдауымыз жастар, таныс, дос-жарандарына айтып көмек жинап жүр.

Жаңа 65 мемлекеттен көмек келіп жатыр дедіңіз. Біздің құтқарушылар мінген ұшақ Түркияға қонғаны хабарладық. 

Олар Түркияның Газиантеп қаласында болады. Алдын-ала белгіленген жерде жұмыс істейді.