Хабар телеарнасы

Осы айда Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады

Біріккен Ұлттар ұйымының болжамы осындай. Ресми мәліметке сай, соңғы 12 жылда Үндістан тұрғындарының саны 210 миллионға өсіп, 1,4 миллиардтан асқан. Ал Қытайда демографиялық дағдарыс байқалады. Былтыр халық саны соңғы 60 жылда алғаш рет 850 мыңға азайған. «Мұның бір себебі - индустриализацияның қарқын алуы», — дейді ғалымдар. Бала туу көрсеткішінің төмендеуіне «бір отбасы — бір бала» саясаты да әсер еткен. Мамандардың болжамынша, 2050 жылға қарай әлемде адам саны 9,7 миллиардқа жетеді.