Хабар телеарнасы

Түркияда Республика күні аталып өтті

Республика күні алыс-жақын елдерде де атап өтіліп жатыр. Қазір бізбен тікелей байланысқа Түркиядағы меншікті тілшіміз Меруерт Қанағат шығып тұр. Қайырлы күн, Меруерт. Сөз кезегі өзіңізде!

Меруерт Қанағат, тілші:
-Туыстас түрік халқы Қазақстандағы ұлттық мейрамдар мен атаулы күндерді бізбен бірдей тойлайды десек артық айтпаймыз. Бұл жолы да қазақ халқының еркіндігі мен бостандығының кепілі болған ұлттық мерекені Анадолы жұртшылығы да қуана тойлауда. Себебі еліміздің егемендігін бірінші танып, алғашқылардың бірі болып Алматыда елшілігін ашқан — Түркия. Атаулы күнге орай ұйымдастырылған шарада қонақтарды ұлттық киімдегі қыз-жігіттер қарсы алып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Шараға арнайы келген Түркияның Өндіріс және технология министрі екі ел қарым-қатынасының жылдар бойы тереңдеп келетінін тілге тиек етті.

Мехмет Фатих Кажыр, ТР Өндіріс және технология министрі:
-Түркия — Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел. Бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Біз әрқашан туыстас жұртпен біргеміз. Барлық салада ынтымақтастығымыз жоғарғы деңгейде. Оны одан әрі арттыру үшін барлық жағдайды жасаймыз. Егеменді Қазақстанның туы асқақтап, әлемге шарықтап, келешегі көріктеп, мәртебесі биіктей берсін!

Меруерт Қанағат, тілші:
-Жергілікті қазақ қоғамдастықтары да Ұлттық мерекені атап өтті. Бұдан бөлек Түркі әлемінің басты интеграциялық Түркі мемлекеттері ұйымы да, арнайы құттықтау жолдап жүрекжарды тілектерін білдірді.