Хабар телеарнасы

Көрісу күніне орай Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне отандастарымыз жиналды

Көрісу күніне орай Брюссельдегі Қазақстан елшілігіне отандастарымыз жиналды. Бір-бірімен көрісіп, елге амандық, бақ-береке тіледі. Бүгін ұлттық салт-дәстүрдің бірі тұсау кесу рәсімі де көрсетілді. Мерекелік жиынға шетел дипломаттары мен Еуроодақтың Орталық Азиядағы арнайы өкілі Терхи Хакала да қатысты.

Марғұлан Баймұхан, Қазақстанның Бельгиядағы және Люксембургтегі елшісі:
-Біздің ата-бабаларымыздан қалған жақсы дәстүр – көп уақыт бір-бірімізді көрмегенде, бір-бірімізді көріп қошеметтеп, осы қыстан кейін аман-сау қалдық деген мәселеге қуанып, сонымен бөлісеміз. Осы Еуропа Одағында біздің дәстүрлерді әрқашан біздің еуропалық достарымызға көрсетуге тырысамыз.

Ал АҚШ астанасы Вашингтонда дәстүрлі Наурыз фестивалі өтті. Көздің жауын алатын әшекейлер, қолдан жасалған ыдыстар, түрлі ұлттық киімдер, қолөнер бұйымдары мен ұлттық тағамдар Наурыз базарынан табылды. Осы елде 2017 жылы құрылған «Гүлдер» би тобы өнер көрсетті.