Хабар телеарнасы

Қарағанды облысының шалғайдағы мектептері заманауи зертханалармен қамтылады

Қарағанды облысының тіпті ең шалғайдағы мектептері замануи зертханалармен қамтылатын күн алыс емес. ІТ мамандар қымбат құрал-жабдықтарды жасанды интелектпен алмастыратын бағдарлама ойлап тапты. Интерактивті мұғалім 14 білім бағдарламасын 6 тілде еркін түсіндіре алады.

Ерекше бағдарламаны жастар облыс әкімінің грантын алғаннан кейін жүзеге асырған. 

Виртуалды білім берудің негізі мына көзілдірікте. Оның жадына барлық пәннің бағдарламасына сай ақпарат енгізіліп қойған. Оны пайдалану үшін тіпті ғаламтордың да қажеті жоқ. Жоба қазір елдегі 3 ЖОО-мен 30 жуық орта мектепке енгізілуде. Болашақта бұл білікті маман тапшы, интернет байланысы жоқ жерлердегі білім нысандарына нағыз көмекші құрал болмақ.

Әділ Хамит, ІТ компанияның негізін қалаушы: 
- 8 мыңнан астам ВИАР лабараториялар бар. Химия, физика, биологияға арналған. Және ағылшын тілінен осындай контенттерді салып өткізіп жатырмыз. Интернетсіз де жұмыс жасай алады, бұл жерде барлығы шлемнің ішіне орнатылған. Ноутбук, компьютер, телефон сияқты түрлі жерлерге шығаруға болады.

Қарағанды облысында кеше ғана әкім грантына өтініш қабылдау аяқталды. Енді желтоқсанда тағы 50 жастың ісіне 2 млн теңге көлемінде қолдау көрсетіледі. Комиссия әр істің өміршеңдігін, өзектілігін мұқият қарайды. «Жалпы ісін бастаймын деген жастарға аудан-қалалардан да қолдау табылады», - дейді жастар саясаты мәселелері жөніндегі мамандар.

Ұлан Омаров, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы: 
- Мобильді қосымшадан бастап,  кез келген сектор: ауыл шаруашылығы болсын, тамақтандыру, білім беру, қызмет көрсету медицина және басқада саланы қамтитын 700 астам жобалар бар 18-35 жастағы азаматтарымыз, облыс тұрғындары осы бағдарламаға қатыса алады.

Бүгінгі күні Қарағанды облысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға арналған грантты иеленген 700 жуық азамат төл бизнесін ашқан. Олар экономиканың әр секторын қамтиды. Соңғы екі жылдан бері грант көлемі 2 млн теңгеге дейін ұлғайтылған.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар