Хабар телеарнасы

Елде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды

Осы жолы 1-ші курсқа шартты түрде қабылданған студенттер мен мектеп бітіруші талапкерлер ақылы оқу үшін сынақ тапсырып жатыр. Биыл 136 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырғанда 13 мыңға көп. Талапкерлер үшін 140 мың орын дайын. Сынақ тапсыру ережесінде көп өзгеріс жоқ. Үміткерге өзімен бірге, қалам, су және шоколад алып кіруге рұқсат. Әзірше қатаң талапқа шекеден қараған жас жоқ. Бірақ былтыр жыл басындағы ҰБТ кезінде ереже бұзған 120 жуық адамның тест нәтижесі жойылды. Айта кеткен жөн, тестілеу 10 ақпанға дейін жалғасады.

Руслан Емелбаев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:
-Пәндегі сұрақтардың санына қатысты өзгеріс болды. Егер 2023 жылы оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық 15 сұрақтан болса, биыл ол 5 сұраққа қысқарып, 10 сұрақты құрап отыр және керісінше бейінді пәндер сұрақтарының саны мен ұпайы көбейді. Қазір бейінді пәндерде 40 сұрақ, бірақ 50 баллды құрайды. Бейінді пәндердің соңғы 10 сұрағы 2 баллды сұрақтар. Жалпы ҰБТ-да 120 сұрақ, максималды балл 140.