Хабар телеарнасы

Су тасқыны: Оқушылар мен мұғалімдерге қандай жеңілдіктер болады?

Білім беру бағытына ойыссақ. Бұған дейін апат аймақтарындағы оқушылар сабағын онлайн оқып келді. Ал 29 сәуірден бастап атыраулық оқушылар мектепке оралды.

Айта кетейік, су басқан аймақтардағы оқушылар мен мұғалімдерге білім саласында да жеңілдіктер болады.

Студия қонағы: 
1) Еділ Оспанов, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту вице-министрі

Айта кетейік, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар өтемақы, төлем түрлері, құрылысқа немесе су басқан үйді қалпына келтіруге байланысты qoldau.gov.kz. ақпараттық порталы арқылы ақпарат біліп, өтінім бере алады.