Хабар телеарнасы

ШҚО-да жұмыртқа бағасы 8% қымбаттады

Абай облысында жұмыртқа бағасы 6, Шығыс Қазақстанда бірден 8% қымбаттады. Қазір Өскеменде жұмыртқаның он данасы 750 теңге тұрады. Жалпы өлкеде жұмыртқа қымбаттайтындай жөні бар. Өйткені​ Черемшанка фабрикасының банкротқа ұшырағанына 12 жыл болды. Яғни аймаққа қажетті өнім шекаралас облыстардан және Ресейден тасымалданады.

Диляра​ Жылқыбаева, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Бөлшек саудада бағасы 600-630 теңгені құрайы, бүгінгі күні операторлардың айтуы бойынша, бағаның қымбаттауы маусымдық сипатқа және құс фабрикаларында бағаның қымбаттауынан және облыста өз өніміміздің жоқтығынан.