Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында жасөпірімдер арасында қылмыс 59% өскен

Ақтөбе облысында жыл басынан бері кәмелетке толмағандар арасында қылмыс 59% өскен. Полицейлердің хабарлауынша, жастар ұялы телефондар мен көлік бөлшектерін жиі ұрлайды. Биыл осындай 27 дерек тіркеліп, 8 іс сотқа жолданған. Сондықтан полиция мен әкімдік бірлесіп, жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу шараларын өткізбек. Жасөспірімдер мен студенттерді еңбекке, спортқа және өнерге баулуға басымдық беріліп отыр. 

Ботагөз Жалекешова, қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы:
-Көбінесе қалта ұрлықтары фактілері орын алып отыр. Яғни өзге қалалардан, өзге аудандардан келген студенттеріміз бар. Көбінесе кәмелетке толмағандар ұялы телефонға қызығушылық фактілері орын алып жатады. Енді оның ішінде, автокөліктерден ұрлау фактісі бір, кәмелетке толмағанымыз 7 қылмыс жасады .