Хабар телеарнасы

Солтүстік Кореяда коронавирус жұқтырудың бірде-бір дерегі жоқ

Soltustik Korea

Соның бірі – Солтүстік Корея елі. Бірақ қазіргі уақытта бұл елде 500-ден аса адам карантинде жатыр екен. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы елдегі өкілі хабарлады. Ұйым өкілінің айтуынша, осы уақытқа дейін Солтүстік Корея 700-ден астам адамды коронавирус белгілеріне тексеруден өткізіпті. Оның ішінде шетел азаматтары да бар көрінеді. Нәтижесінде вирус жұқтырудың бірде-бір дерегі анықталмаған. Айта кетейік, бүгінде Солтүстік Кореядан бөлек Тәжікстан, Түрікменстан және Йемен елдерінде де инфекцияға шалдығу деректері жоқ.