Хабар телеарнасы

Елде коммуналдық қызметтердің тарифі төмендеді

Kommunaldyk kyzmet

Осы саладағы кәсіпорындар мен серіктестіктер орта есеппен бағаны 7% арзандатты. Мәселен, сумен жабдықтау 8,5%, суды бұру 10%, жылумен жабдықтау бойынша 7,5%, электрмен жабдықтау 4% көлемінде. Коммуналдық қызметтерге қатысты өзгертулер осы жылдың 1 сәуірінен бастап есепке алынады. Бұл республика бойынша бір айдың өзінде осы секторға жұмсалатын 950 млн теңгені үнемдейді.