Хабар телеарнасы

Шымкентте 171 талапкер ҰБТ сынағына жіберілген жоқ

Шымкентте 171 талапкер ҰБТ сынағына жіберілген жоқ

Мектеп бітіруші бұл түлектер тест сынағының тәртібін өрескел бұзған. Бұдан бөлек 51 шәкірттің тест қорытындысы жойылды. Жалпы 222 оқушы өзінің жолын өзі кескен.

«Олар сынақ барысында рұқсат етілмеген заттарды пайдаланған», – дейді мамандар. Дәл қазір қалада ҰБТ екі жоғарғы оқу орнында жалғасын табуда.