Хабар телеарнасы

Павлодарда мал бағатын жер жоқ

Бес жылдық жаңа бағдарламаға қатысты ұсыныстар «Жер – бәрімізге ортақ» тақырыбына арналған шарада талқыланды.

Облыстық Жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биылғы жылы 53 мың гектардан астам жайылымдық жер мемлекет иелігіне қайтарылды. Себебі мал басы азайған. Десе де, облыстың кей аудандарында мал бағатын жер тапшылығы бар. Шамамен 400 мың гектарға жуық жер қажет.

Жиынға қатысушылардың пікірінше, ауыл шаруашылық жерлерді барынша тиімді пайдаланудың арнайы жоспарын әзірлеу қажет.

Ермат Байғұрманов, «АУЫЛ» ХДПП облыстық филиалының төрағасы:

– Мысал келтірейін, Май ауданында 1 миллион 700 га. алқап жері бар. Оның 80-90 пайызы алаңдық жайылым. Осыдан үш жыл бұрын Президентіміздің сол жайылымдарды іске қосу туралы Жарлығы шыққан. 1987 жылы мен сол ауданның тумасымын, қызмет істедім. Сол кездің малы мен 2020 жылғы малды есептейтін болсақ, 15-20пайыз мал бар. Неге дейсіз? Жер бос тұр. Жерде су жоқ, жол жоқ.