Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында карантинде той жасаушылар тыйылмай тұр

Той иелері мейрамхана қожайындарымен бірігіп, қулыққа баруда. Ғимараттың терезелерін қымтап, қонақтарды артқы есікпен кіргізген екен. Тәртіп сақшылары тойлаушыларды үйлеріне қайтарған, ал мейрамхана мен той иесінен түсініктеме алынып, іс қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау басқармасына жолданды. Рейд барысында облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысын өрескел бұзған басқа да кафе-барлардың иелері анықталды.

Еркін Елеусізов, қалалық ПБ учаскелік полиция инспекторлары бөлімшесінің бастығы:

- Карантин режимін бұзып, уақытынан тыс жұмыс істеген кафелер бар. Ал мейрамханаларға рұқсат берілмеген. Оның ішінде кафе-барларда 50 адамнан аспауы керек. Барлығын санағанда 128 құқықбұзушылық анықталып, тиісті жауапкершілікке тартылды.