Хабар телеарнасы

Шымкентте эпидахуал ушықты

Жедел жәрдем көмегін шақыртушылардың саны да екі есе өскен. Халықтың жартысы екпе ектіргенімен, ұжымдық иммунитет төмен. Денсаулық сақтау саласының мамандары: «Бұл көрсеткішті кем дегенде 70% жеткізу керек», – дейді. Ол үшін қалада 43 вакцинациялауды ұйымдастыру бекеті жұмыс істеуде. Сондай-ақ 25 жылжымалы егу бекеті жұмылдырылған. Мамандандырылған инфекциялық 1 мың 356 төсек-орын бар.

Бақытжан Позилов, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- «Дельта» штамы анықталғалы бері бізде науқастардың саны күрт көбейіп отыр. Қайтыс болғандардың саны күрт көбейіп кетті. Осыған байланысты біз дереу арада қосымша төсек-орындарды аштық. Бүкіл мемлекеттік және жеке меншік емханалар жұмыс режимдерін күшейтті.