Хабар телеарнасы

Маңғыстау облысында бекірені заңсыз аулағандар ұсталды

Осылайша, 220 млн теңге көлеміндегі  шығынның алдын алған. Қазіргі уақытта Каспий маңы мемлекеттері шегарашыларымен бірлескен шарасының екінші кезеңі өтіп жатыр. Қазан айы басталғалы 4 күдікті ұсталып, оларға 122 мың теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ 4 қайық пен жалпы ұзындығы 27 шақырымнан асатын ау тәркіленді.

Рүстем Ысмайылов, ҚР ҰҚК ШҚД Жағалау күзеті басқармасының маманы:
- Көрші елдердің шегара қызметімен бірлескен іс-шара Каспий теңізінің биологиялық әртүрлілігін сақтауға бағытталған. Қыркүйек айында жүргізілген бақылау рейді кезінде шегара режимін бұзған 14 күдікті ұсталды. Жалпы ұзындығы 11 мыңнан астам ау-торлар мен 9 қайық тәркіленді. Тірі күйде болған 160 жуық бекіре тұқымдас балықтар теңізге жіберілді.