Хабар телеарнасы

Петропавлда жылу құбыры ауыстырылады

Мамандардың айтуынша, 1984 жылы салынған жер асты құбыры әбден тозған. Соңғы күндері одан ыстық су ағып, жердің беті жіби бастаған. Құдықтың аузынан да бу бұрқырап тұр. Енді желіге қосылған тұрғындарға бір тәулік шыдай тұруға тура келеді. Мамандар жөндеу жұмыстарын ертеңге дейін аяқтаймыз деп отыр. Олар жылу магистралінің 10 метрін ауыстырады. Айта кетейік, қалада осындай тағы бір қауіпті аймақ бар.

Әсем Айтолла, қалалық ТҮКШ бөлімінің баспасөз хатшысы: 
- Күнделікті мамандар барлық құбырларды тексеріп отырады. Бүгінгі таңда бізде 152 диспетчерлік қызметі жұмыс жасады. Одан бөлек егер де бір жағдайлар орын алып жатқан жағдайда тұрғындар 109 нөмірі арқылы хабарласып, мамандарды шақыра алады.