Хабар телеарнасы

Қоғамдық жұмыстардың басы-қасынан табылатын еріктілердің еңбегі еленді

Жеңімпаздар «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының волонтерлары арасынан анықталған. Олар жыл батыры, жыл белсендісі, үздік еңбек адамы секілді 10 аталым бойынша 300 мың теңге сыйақы мен арнайы мүсіншеге ие болды. «Әділетті Қазақстан жастардың күшімен құрылады» деген мамандар, бұл сыйлық еріктілерді одан әрі ынталандыратынына сенеді. 

Асхат Оралов, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы: 
- Президентіміз айтты ғой - Әділетті Қазақстанның жастарының бойында үш қасиет табылу керек деген сөз. Ол терең білім болу керек, Отансүйгіш болу керек, және де еңбекқорлық болу керек. Осы 1-2 жылда еліміз көптеген сынақтардан өтті. Мұның бәрінің бел ортасында біздің Жастар рухының мүшелері болды. Енді Әділетті Қазақстанды әрқайсысымыз бірігіп, бір тудың астында бірге болып, бірлесіп, болашақта құрамыз дегенге ешқандай күмәнім жоқ!