Хабар телеарнасы

Бүгін – Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Қазақтың лирик ақыны Алматы облысындағы, Қарасаз ауылында 1931 жылы дүниеге келген. Ол қайталанбас туындылары, отты жырларымен қазақ поэзиясын жаңа биікке көтерді. Жиналғандар ақынды еске алып, жүрек елжіретер естеліктерін арнады. Ал мектеп оқушылары Мұқағали өлеңдерін жатқа оқыды. Ақиық ақынның өлең сөздеріне жүздеген ән жазылған. 

Алтыншаш Жақиянова, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі:
- Мұқағалидің кереметтігі сол балалардың бәрі ... Жаңа бір балалар: «Мен өлең оқи алмай қалдым, неге оқымаймын?» деп жылап жүр. Уақыт жетпей жатыр. Міне, сондықтан-ақ Мұқағалидың бүткіл адамзаттың жүрегін жаулап алған өлеңдері мәңгілік өшпейді деп ойлаймын.