Хабар телеарнасы

Петропавлда жол сапасы сын көтермейді

Биыл шаһардағы 18 көшенің ой-шұңқырлары тегістелмек. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 5 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылып отыр. Бөлінген қаражат былтырғыдан он екі есеге көп. Орталық көшелерден бөлек жеке секторлардағы жолдар жөнделеді. Айта кетейік, былтыр облыс орталығында небәрі 3 шақырымдай жол жөнделген.

Эльмира Сәдуақасова, қала әкімінің баспасөз хатшысы: 
- Ең проблемалық учаскелер қамтылатын болады. Биыл магистарльдік көшелерден Абай, Интернационал, Жабаев және Нұрсұлтан Назарбаев көшелері қамтылайын деп отыр. Одан бөлек тек орталық көшелерді ғана емес, сондай-ақ жеке сектордағы көшелерді қамтимыз деп отырмыз.