Хабар телеарнасы

Талдықорған тұрғындары ауыл ішіне автобус кірмейтініндігіне шағымданды

Қоғамдық көлік жүргізушілері жолдың жамандығын көлденең тартып, жолаушыларды ауыл сыртынан түсіріп кетеді. «Бұл әсіресе оқушыларға үлкен қиындық тудырып отыр. Соның салдарынан балаларымыз үйге сабақтан кеш келіп, мектепке кешігіп барады», – дейді ата-аналар. Оның үстіне оқушылар кейде басқа автобустарға үлгеріп отырып кету үшін «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолын кесіп өтеді. Сол себепті ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін қатты алаңдап отыр. Ал жергілікті атқарушы билік өкілдері жолаушы тасымалдаушы компания басшылығымен келіссөз жүргізілгенін айтып, мәселенің шешілетінін жеткізді. 

Таңат Арынжан, оқушы: 
- Мен таңертең тұрамын да қараңғы болмай автобусқа келемін мына мешітке. Менің үйім анау алыста, бірақ та қараңғы болады мен тұрған кезде. Мамам екі баламен үйде отырады. Сабағыма кешігіп барып жүрмін.

Диас Ахметқалиев, қала әкімінің орынбасары: 
- Автобус бүгіннен бастап микрорайонның ішіне кіретін болады. Мен өзім уәде беремін. Кірмей қоймайды емес, кіреді. Өзім бірге қазір автобуспен жүріп шығайын қазір керек болса. Кеше автобуспен тасымалдайтын басшылармен сөйлестік. Ол кісілерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.