Хабар телеарнасы

Алматы облысында 39 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Сонымен қатар иегерілмей жатқан 55 гектар жер телімдері анықталған. Екі учаскені иелері өз еркімен қайтарып берсе, 16 іс сотта қаралып жатыр. Ал өткен жылы тек Жамбыл ауданында 40 мың гектарға жуық алқап мемлекет иелігіне өтті. Бұл учаскелер 54 ауылдық аймаққа бекітіліп берілген. Басты мақсат - өңірдегі жайылымдық жерлерді ұлғайту.

Эльдар Қайрат, Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы: 
- Қайтарылған жерлер ауыл маңына схема бойынша келіп жатса сол ауыл, елді мекенге бекітіп береміз ортақ жайылымға. Егер ол ауылдан алшақ болса онда Жер кодексінің 48 бабына сәйкес конкурс арқылы беріледі.