Хабар телеарнасы

Республикалық «GOWEB-2023» хакатоны өз мәресіне жетті

Екі аптаға жалғасқан жарыс 12 мен 17 жас аралығындағы веб-сайт әзірлеушілердің арасында өтті. Биыл қатысушыларға экология тақырыбы берілген. Олар сайттың құрылымы және оның дизайны бойынша екі бағытта бақ сынады. 450 онлайн өтінімнің арасынан 40 сайт ақтық сынға жолдама алған. Финалда қатысушылар өз жұмыстарын қазылар алқасының алдында қорғады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Мамандардың айтуынша, оқушылардың дайындаған сайттары қолдау тапса ел бойынша қолданысқа енгізілуі мүмкін.

Аружан Амангелді, 10-сынып оқушысы: 
- Веб-дизайн бағыты адамның шығармашылық көзқарасын білдіру өзіңнің ішкі әлеміңді сайт арқылы басқа адамдарға көрсету және олардың өмірін өзгерту жайлы болған. Веб хакатонның ұйымдастырлуының өзі біздің шығармашылық мақсаттарымызды және потенциалымызды ашып тұрады. 

Аяжан Мусин, веб-дизайнер: 
- Балалар осындай сайыстарға қатысу керек. Себебі олар бұл арқылы хард скил, софт скилстарын дамытады. Кейін болашақтада олар жақсы жұмысқа тұрады. Осындай мамандар арасындағы орта қалыптастырамыз.