Хабар телеарнасы

Алматы облысында заңсыз балық аулау тыйылмай тұр

Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы моторлы қайықпен суға шыққан екі азаматты ұстады. Оларға қатысты әкімшілік іс қозғалып, айыппұл салынды. Инспекция мамандары уылдырық шашу кезінде, яғни 15 cәуірден 1 маусымға дейін суға қармақ салуға болмайтынын ескертеді.

Ринат Құмашев, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары:
-Осы уылдырық шашу акциясы басталғалы бері инспекция мамандарымен 5 құқық бұзушылық анықталды. Екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік сотқа материалдар жолданды, процесуалдық шешім қабылдау үшін және заңсыз балық аулаған екі азаматқа әкімшілік іс қозғалды.