Хабар телеарнасы

Қылмыстық қудалау органдарында азаптауды болдырмау тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қылмыстық қудалау органдарында азаптауды болдырмау. Астанада осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстел өтті. Мақсат – мәселені шешу бойынша ұсыныстар жинап, оны заңға енгізу. Бұл тақырып қаңтар оқиғасынан кейін жиі көтерілуде. Сол кезде азаптауға ұшыраған азаматтар жайлы 300-ден астам шағым түскен. Тергеу нәтижесінде күштік органдардың 30-дан астам қызметкері қылмыстық жауапқа тартылды. Енді ондай фактілерге жол бермеудің барлық тетігі қарастырылуда. Мәселен, қылмыстық қудалау органдарындағы бейнебақылау камераларының санын арттыру қажет. Өйткені ғимарат ішінде көзге көрінбейтін учаскелер бар. Қандайда бір сұрақ туындаса, сол құрылғыдағы жазбалар басты айғақ бола алады. Түптеп келгенде заңға қайшы әрекет мүлдем жасалмайды. 

Абзал Құспан, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Осы кезге дейін қылмыстық заңнама бойынша заң жобаларын дайындау, толықтырулар мен өзгерістер енгізу толығымен прокуратура органдары солардың монополиясы болып келген болса, енді бірінші рет Әділет министрлігіне жүктеліп, біз өндірісімізге алып жатырмыз.