Хабар телеарнасы

Қарағандыда 2 жастағы бала терезеден құлап мерт болды

Қарағандыда 2 жасар бала, жетінші қабаттан құлап, мерт болды. Анасы үлкен баласымен тіс дәрігеріне кеткенде, үйде отырған әкесі сәбидің терезені ашып, құлап кеткенін байқамай қалған. Бұл жыл басынан бергі үшінші жағдай. Осыған дейін құлағандар аман қалған еді. Тек өткен жылы Қарағанды қаласында 9 бала терезеден құлап, 8-і ауыр жарақат алған.

Асхат Маханов, қалалық ТЖБ басшысының орынбасары:
-Терезеге арнайы бекіткіштер, қиын ашылатын терезе қою жайында айтып жеткіземіз. Пластик тереземен айналысатын фирмалармен де сөйлесіп, оларға айтып ,халық сатып алып жатқан жағдай болса, сол кісілерге айтып-жеткізуді профилактика ретінде айтамыз.