Хабар телеарнасы

Ақтөбені қою түтін басты

Экологияны қарапайым тұрмыстық қалдықтармен де аяусыз ластап жатырмыз. Енді полигонда өрт жиілеп, қаланы түтін басып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Көк түтінге тұншыққан жұрт қалай қорғанарын білмей дал. Экологтар зертханалық тексеру барысында қоршаған ортаға тараған зиянды қалдықтың қалыпты нормадан жоғары екенін анықтаған. Сондықтан жауапты ұйымдар күл-қоқысты топырақпен көмуге кірісті. Бұл мақсатқа қомақты қаржы да қаралған. Жоспар бойынша қолданыстағы полигон жабылғаннан кейін жаңасы пайдалануға беріледі.

Айдос Хамиев, қала әкімінің орынбасары: 
- 219 млн қаражат осы қатты қалдықтар полигонын толық көлемде топырақпен жабу үшін. 60 сантиметр қалыңдықта жабылады. Сол себепті тұтану, жану мәселесі түбегейлі жойылады. Толық жабылады, осы маусым айының аяғына дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.