Хабар телеарнасы

Биыл орта және кіші кәсіпкерлер қатары 5800 адаммен толықпақ

Оларды қолдау үшін 29 миллиард теңге бөлінген. 35 жасқа дейінгі азаматтар 2,5% 5 жылға дейін несие рәсімдей алады. Ал мал шаруашылығы үшін — 7 жыл. Мәселен, «Аграрлық несие корпорациясы» өңірлерде 4 мыңға жуық өтініш қабылдап, 639-ын қаржыландарған. Бизнесті жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттың көлемі — 1 миллион 380 мың теңге. Ал кәсіпкердің айналымдағы жылдық қаржысы 35 миллионға жуықтаса, шекара асып тәжірибе алмасуға мүмкіндігі бар. Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен, былтыр 32 кәсіпкер Германияға барса, жуырда 5-еуі Жапонияға жіберілмек. 

Абай Муслимов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сарапшысы:
-Мұнда мемлекет тарапынан бөлінетін қаржылай емес және қаржылай көмектерді жеткізу болып тұр. Қаржылай емес қолдаудың бірнеше құралдары бар. Солардың бірі сервистік қолдау, ақпараттық консультация беру және іскерлік байланыс. Мұнда 4 түрлі сервистік қолдаудың түрі бар. Бухгалтерлік, есептік, консультация беру, заң және тендер рәсімдеу.