Хабар телеарнасы

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны халықаралық деңгейде өтіп жатыр

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны биыл бірінші рет халықаралық деңгейде өтіп жатыр. Оған Әзірбайжан, Өзбекстан және Қазақстан мемлекеттерінен 43 команда қатысып жатыр. Қарағандыдағы «Спасск» полигонында 645 жасөспірім алты күн бойы сынға түседі. Жиынның алғашқы күні жастарға Қарулы Күштердің жойқын қарулары таныстырылып, түрлі әскери тактикалар көрсетілді. Ал келесі күні әр қиырдан жиналған қыз-жігіттер түрлі жарыстарда бақ сынайды. Биыл спорттық сайыстар мен жауынгерлік дайындықтан бөлек, зияткерлік байқауларға да басымдық беріліп отыр. 

Тілеухан Басқожаев, ҚР Қорғаныс министрлігінің тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы: 
- Биыл көңіл аударылып жатқан ол цифрлық технология конкурстары. Сол жайлы сайыстар қазір қызу өтуде. Робототехника бар, безпилотник бар, ракета ұшыру бар, сондай-сондай цифрлық технология. Тесттер тапсырады. Интеллектуалды турнир болады кезең-кезеңімен.