Хабар телеарнасы

Мектептерде адам құқығы бойынша сабақ саны көбейеді

Мектептерде адам құқығы бойынша сабақ саны көбейіп, балалар кітабын басып шығару жанданбақ. Кешегі Құрылтайдың күн тәртібінде айқындалған тапсырмаларды елордада сала мамандары мен ұлттық комиссия мүшелері талқылады. Оқушыларға арналған жаңа оқу құралдары - тұрмыстық зорлық-зомбылықты, қорлау мен қатыгездікті жоюға, балаларды жан-жақты дамытуға бағытталмақ. Ұлттық комиссия жаңа ұсыныстар енген қаулыға қол қойды.

Назипа Шанаи, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі: 
- Жалпы Қазақстан Республикасының кітап шығару саясаты туралы тұжырымдама қабылдау туралы ұсыныс айтамыз. Бұл қажеттілік. Жазбаша шығармаларын жүйелеп, қолға алатын болсақ, солардың негізінде анимация түсіруге, солардың негізінде фильм қоюға, театрда қойылым қоюға мүмкіндік бар.