Хабар телеарнасы

Енді салық төлемі төмендеуі мүмкін

Астаналық мәслихат депутаттары жеке тұлғалар үшін бөлшек сауда салығын төмендету мәселесін көтерді. Кәсіпкерлер ставканы 4 пайыздан екі пайызға дейін түсіруді сұрап отыр. Өйткені қазір табыс азайып, шығын көбейген. Олардың несиелік қарыздары жалға алынған нысанның ақысы, комуналдық төлемдері тағы бар. Егер % төмендесе кәсіпке келушілердің де саны артуы мүмкін дейді. Тиісінше көлеңкелі бизнес те тоқтайды. Алайда 2% салық бюджетке түсетін қаражатты азайтады. Мамандар кемінде 10 млрдқа жуық шығын болатынын айтып отыр. Сондықтан әзірге 3% дейді төмендетуді ұсынады. 

Бейсен Жолболдиев, қалалық Кәсіпкерлер палатасының директоры:
-Салық департаменті бар әкімшілікте де айтып жатыр, 3% белгілеуге рұқсат берсе, келіссе бизнес. Одан кейін жыл соңына дейін жан жақты талдау жасап, 2% дейін түсіруге мүмкіндік бар. Егер біз осының нәтижесін көрсек.

Нұрлан Нұрмағанбетов, «Сауда және қызмет көрсету» салалық кеңесінің төрағасы:
-Жергілікті кірістер департаменті өз есептерін берді. Олар алдында болған пандемия кезеңді санап отыр. Дұрыс емес деп ойлаймын. Санауға көбірек уақыт керек жақсы анализ керек. Сосын ауысу керек.