Хабар телеарнасы

Сенат Төрағасы Құрбан айт мейрамымен құттықтады

«Бұл мейрам елімізде бейбітшілік пен келісімді нығайтуға және татулық пен сыйластықтың маңызын терең дәріптеуге де зор ықпалын тигізіп келеді. Сондықтан Құрбан айт барша қазақстандық үшін айрықша мәнге ие», — деп жазды Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев. Әлеуметтік желіде жариялаған құттықтауында құрбан айт — бірлік пен берекенің және мейірімділік пен қайырымдылықтың мерекесі. Айт күндері барша мұсылман өзара қамқорлық пен жанашырлыққа баса мән беріп, мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге асығады. Мұндай қадам қоғамда ізгіліктің аясын кеңейтіп, ырыс пен ынтымақты арттыра түсетіндігін атап өтті.