Хабар телеарнасы

Атырау мұнай зауытында өндіріс 3 күнде іске қосылады

Атырау мұнай өңдеу зауытындағы өндіріс біртіндеп қалпына келе бастады. Кәсіпорынға электр қуаты толық берілді. Тоқтап қалған мұнай өңдеу қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Энерго ресурстармен қамтамасыз ететін жүйелер іске қосылып, каталитикалық крекинг технологиялық қондырғысы реттелді. Қазір ол айналымда тұр. Ендігі кезекте сутегі шығаратын қондырғыны қалпына келтіру жоспарланған. «Ол ертең түске дейін толық жөнделуі тиіс», - дейді мамандар.

Әділет Шошаңбасов, мұнай өңдеу зауытының бас инженері:
- Әрі қарай енді өздеріңіз білесіздер, зауытта 85% катализатормен байланысты процестер. Сондықтан қазір сол катализаторлардың барлығы көмірсутегімен қалды. Сол үшін сутегін алып, реакторлардың бәрін тазалап шығуымыз керек. 1 тәуліктің шамасында негізгі қондырғылрады қосып бастаймыз. Жалпы бәрін қалпына келтіру 2-3 күн уақыт алады.