Хабар телеарнасы

«Бозоқ» қалашығы жаңа туристік орталық болады

Астанаға 25 жыл. Бұл қаланың ресми түрде елорда атануына байланысты айтылатын сан. Негізі бұл маңда адамдардың тіршілік ету тарихы осыдан 10 тіпті 12 ғасыр бұрын басталған. Сондай қоныстың бірі бізге Бозоқ деген атаумен танымал. Бүгінде сол көне қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ашық аспан астындағы алғашқы музейдің келбеті қандай болады және оны қашан көре аламыз?

Көл мен көлшіктер, қамыс басқан және арам шөп қабтаған қу дала. Астанадан 10 шықырым жерде орналасқан бұл маңда бір кездері мәдениеті, сауда мен өнері дамыған үлкен өркениет, қала болған деседі. Тарихшылар осыны зерттеп дәлелдеді және оның заманауи бейнесін қалыптастырып үлкен қалашық салуды жоспарлап отыр. Қағаздағы осы жоба қазір іске асырылып жатыр. Әне құрылысы басталды.

Топырақ астына көміліп қалған қалашықтың орны 1998 жылы табылған. Жүргізілген қазба жұмыстары ерте орта ғасырда бұл жер мәдени, ғұрыптық және экономикалық орталық болғанын көрсетті. Сол кезде оны қалпына келтіру туралы ұсыныс айтылды. Кейінгы жылдары ол ресми түрде мақұлданды. Міне енді құрылысы қолға алынды. Алдағы уақытта отызға жуық нысан бой көтереді.

Сәуле Бурбаева, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы директоры:
- Салынып жатқан бұл алғашқы нысан мүзейге кіретін орталық. Ол жердегі кассадан туристер билет алып ара қарай өтеді. Кешенде олар көретін қызықтар көп. Дала өркениетінің озық жетістіктерін бір орынға топтастырдық. Кешеннің жалпы ауданы 412 гектарды құрайды.

Музейде 4 мемлекеттік кезең көрсетіледі. Ол Түркі кезеңі, Қыпшақ, Алтын орда мен Қазақ хандығы. Сонымен қатар энеолит, қола заманы, ерте темір заманындағы нысандардыңда көшірмесі тұрғызылады. Мұның сыры қазіргі мемлекеттік деңгейге жетуіміз осы кезеңдердің арқасы екенін көрсету.

Айнагүл Ғаниева, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ғылыми хатшысы:
-Келген туристер сол кезеңнің өмірін сүре алады деуге болады. Сол кезеңнің заттарын қолданады. Төсегін, орындықтарын, ыдысы қандай болған екенін. Сол кезеңнің астың дәмін тата алады.

Марал Хабдулина, тарих ғылымдарының кандидаты:
-Бозоқта 15 жылға жуық қазба және зерттеу жұмыстары жүргізілді. Осында табылған жәдігерлерге қарап оның шығыстан батысқа баратын сауда жолындағы стратегиялық орталық болғанын анықтадық. Оны жаңғырту біздің тарихымыз бай ел екендігімізді көрсетеді.

Қалашықты дәріптеу үшін қазірден бастап ғылыми конференсиялар өткізіліп шетелдік тарихшиылар мен архолгтар қонақ ретінде шақытырылуда. Жобамен алғаш танысқандардың бірі италиялық ғалым Жан-Лука Боннора.

Жан-Лука Боннора, италиялық археолог:
- Мені сонау 7-8 ғасырдың өзіне адамдардың өмір сүруге қолайлы орындарды таңдай білгені таң қалдырды. Су бар егіндік, жайылым бәрі жақын орналасқан. Сауда жолыда осы маңнан өткен. Бозоқ өз заманында жан-жақты дамыған қала болған. Осы жаңалықты Италияға барған соң ғылыми мақаламда жазатын боламын.

Бозоқ кешені Қорғалжын тас жолының оң жақ қапталында елордадан 10 шақырым жерде бой көтеруде. Болашақта «Бозоқ» инновациялық жоба ретінде Астананың ғана емес, еліміздің туристік орталығы болады деп күтілуде. Ол үшін кешен аумағындағы су жолдары тазартылып жағажайлар мен қонақ үйлер салынады. Ал бұл кереметтің бәрін 3-4 жылдан кейін көруге болады.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Дархан Күнтуов