Хабар телеарнасы

Шымкентте 383 жер учаскесі заңсыз қолданысқа берілген

Ал бұл аумақтарда бас жоспарға сәйкес әлеуметтік нысандар мен автожол салынуы тиіс болған. Геопорталдың ғарыштық түсірілімі кезінде мұнда жеке меншік нысандардың тұрғызылғаны анықталды. Прокурорлар жер заңмасының өрескел бұзылғанын айтып отыр. Яғни жалған үкім негізінде учаскелер талан-таражға түсіп, жекенің меншігіне өтіп кеткен. Қадағалаушы орган өкілдері сот шешімімен заңсыз соғылған нысандарды сүру жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Ал жер тілемдерін үлестіру бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтар ұсталып, қамауға алынды. 

Ғабит Мұқанов, қала прокуроры:
-Құны 3 млрд 300 млн теңге болатын 72 гектар коммерциялық жер мемлекетке қайтарылды. Заңсыз жерлерді иемдену фактілері бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып олар бойынша делдалдар мен алаяқтар жауапқа тартылып отыр.