Хабар телеарнасы

Шымкентте 9 мыңнан аса абонент газсыз отыр

Шымкентте құрылысқа жауапты мердігер мекеменің салғырттығынан тоғыз мыңнан аса абонент газдан ажыратылды. Мамандар қазба жұмыстары кезінде құбырға зақым келтірген. Апат салдарынан Астана даңғылы бойындағы 90 көпқабатты үй мен 20 коммерциялық нысан көгілдір отынсыз қалды. Жауапты компания ақауды реттеп, құбырды ауыстыру үшін 4 техника мен 28 адамды жұмылдырды. 

Айбек Ерғали «ҚазТрансГаз аймақ» АҚ филиалы директорының бірінші орынбасары:
-Құрылыс басқармасына қарасты заказчик дейміз ғой мердігер компаниясы кабель тарта отырып, жер асты 200-дік полиэтиленді тесіп алған. Жоспарымыз бойынша кешкі сағат 19:00-ге дейін құрал-саймандар жетсе апаттық жағдайды қайтадан реттеп, халыққа газ беру жұмыстарын бастаймыз. Бірақ оны қайта қосу ертеңгі кешкі сағат 17:00-ге дейін бітіреміз деген жоспарымыз бар.