Хабар телеарнасы

Абай облысында үшем дүниеге келді

Жолдыбаевтар жанұясы Жарма ауданында тұрады. Араларын небәрі бірер минут бөліп тұрған нәрестелерге Бегімай, Бек-Мұхаммед, Бегайым есімдері қойылған. Екі қыз, бір ұл. Жас отбасы Қалбатау ауылында пәтер жалдап тұрады. Бұл — Абай облысы құрылғалы бері аймақта өмірге келген алғашқы үшем. 

Бақыт Жакупова, акушер-гинеколог:
-Үш қызы, екі ұлы бар екен. Үш баламен Батыр ана атанды. Биылғы жылы біздің перзентханадағы алғашқы үшем бала болды. Осы балаларға денсаулық тілеймін.

Аида Жолдыбаева, үшемнің анасы:
-Үшемді қалаға әкелу үшін бір машина салон жалдап келуіміз керек. Оның өзі 25-30 мың теңге ақша. Бұлар енді бір жыл көлемінде бақылауда болады. Уақытында дүниеге келмегендіктен, шала туғандықтан бақылауда болады.