Хабар телеарнасы

Кәсіпкерлер: Кеден алымын төлеуге ниетті емеспіз

Кеден алымын төлеуге ниетті емеспіз. Бұл — арнайы экономикалық аймақтағы кәсіпкерлердің үндеуі. Олар «тығырыққа тірелдік, себебі бірнеше жылдан бері жиналған салық соммасы миллиондап саналады»,— дейді. Ал осы уақытқа дейін төленбеуінің себебі жауапты кірістер комитеті ескерту жасап немесе төлеу керек екенін айтпаған. Салдарынан кей кәсіп иелері 20 миллион теңге алым төлеуі мүмкін. Бірақ олар жауапты органның немқұрайлы әрекетін айыптап, сотқа арызданған. Қазір шағымдары қаралып жатыр. Алайда кірістер комитетінің мамандары алым турасында қажетті құжаттар бар, соның негізінде кәсіпкерлер төлеуі керек деп санайды. 

Зереханым Дүйсенова, инвестициялық компания өкілі:
-Біз импорттық яғни үшінші елдерден келетін тауарларға кедендік алым төлейміз. Ал отандық тауарларды арнайы экономикалық аймаққа кіргізгеніміз үшін жеңілдетілген салық жүйесі болды. Яғни төленбейтін. Осы 12 жыл ішінде ешқандай құжат сұралмаған еді. Анығында біз декларация тапсырған кезде электронды емес, жазбаша қағазға толтырып тапсыратынбыз. Сәйкесінше кірістер комитеті ол құжатты тексеріп, мөр басып, рұқсатын беретін. Осыған қарап алаңсыз жүрдік, бәрі дұрыс деп санадық.