Хабар телеарнасы

БҚО-да пара алған департамент басшысына айыппұл салынды

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Дархан Қуанышевқа да 19,5 млн теңге айыппұл салынды. Және ол өмір бойына мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, квазимемлекеттік секторда лауазымды қызметте еңбек ету құқынан айрылды.

Сыбайлес жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті 60 алқымдаған басшыға 650 мың теңге пара алды деген айып таққан еді. Экс-шенеунік мемлекеттік мүлік департаментіне қарасты ғимараттарды күтіп ұстауға алған кәсіпкерден келісімшарттағы соманың 10% талап еткен. Ақшаның бір бөлігін өз туысының есепшотына, бір бөлігін букмекерлік кеңседегі шотына аудартқан. 

Максим Ганжа, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары: 
- Орал қалалық соты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысына қатысты үкім шығарды. Дархан Қуанышев бизнес өкілінен елеулі мөлшерде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Ол әкімшілік ғимараттарды күтіп ұстауға қатысты актілерді еш кедергісіз қол қойғаны үшін ақша сұраған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.