Хабар телеарнасы

Ақтауда «Қанжар-2023» оқу-жаттығуы өтті

Маңғыстау облысында қазақ-өзбек жауынгерлері бірлескен жедел-тактикалық жаттығу өткізді. Бұл «Қанжар-2023» бағдарламасының екінші кезеңі. Шара аясында әлем елдеріне есірткі және қару-жарақ тасымалдаумен айналысқан содырлар базасы жойылды. Бағдарлама жоспарына сәйкес, ұшқышсыз ұшу аппараттары екі ел шекарасы маңынан күдікті нысанды анықтады. Арнайы жасақ әлгі аумаққа вертолетпен жетті. Террористер орналасқан жерге парашютпен түсіп, қарулы құрылымдарды жойды. Содырларға шабуыл жасау тәсілдері түнгі мезгілде де пысықталып, танктер, артиллериялық және зениттік кешендер жау шебіне оқ жаудырды. 

Бердімұрат Әбибуллаев, №25744 әскери бөлімінің командирі:
- Бұл оқу-жаттығудың мақсаты – біздң еліміздің шекарасындағы заңсыз қаруланған топты бірігіп, іс-қимыл ете отырып олардың күшін жою. Және бұл жерде бір-бірімізбен тәжірибе алмасу болып табылады.