Хабар телеарнасы

Еліміздегі алғашқы АЭС Алматы облысында салынатын болды

Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту жөніндегі тапсырмасы бойынша арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде станция құрылысына ең қолайлы жер ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Үлкен ауылының аумағы таңдалған. Ал ядролық технологияларды жеткізетін әлеуетті компаниялар болып Қытай, Корея, Франция және Ресей кәсіпорындары іріктелген. Зерттеу нәтижелері 2022 жылдың мамырында атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында мақұлданыпты. Сондай-ақ өткен жылдың қарашасында Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясында аудан тұрғындарын қолдау шартымен құрылысқа келісім беру шешімі қабылданған.