Хабар телеарнасы

Оқу құралын алып үлгердіңіз бе?

Биыл елімізде кеңсе тауарлары 64% қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Жаңа оқу маусымының алдында өтіп жатқан жәрмеңкелерде баға қандай? 

Мектеп жәрмеңкесінде оқушыға қажетті құралдың барлығы бар. Олардың басым бөлігі Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай мен Түркиядан әкелінген.

Осы кәсіппен 10 жыл айналысқан сатушы биыл оқу құралдары біршама қымбаттағанын айтты. Себебі бастапқы көтерме құны өскен. Сәйкесінше сату бағасы да жоғарылады.

Диана Барат, кәсіпкер:
-Халықтың бір минус жері: «дәптер қаншадан» деп келеді. Мың теңгеге 100 дәптер алады. Ал пластилин, қарындаш 1000 теңге, соған салыстырыңыздар. Жақсы товардан аламын десе, 3 балаға 150 мың теңге кетіп қалады. Олардың да жолына жүк барлығы киллограмдап қой қазір. Соған қоятын өздерінің проценттері бар. Біз соны төлейміз. Оған өздерінің қоятын 10-20% бар. Соны төлейміз. Жалға алу құны, қарауыл бар. Сонда айналып келгенде барлығы қымбатқа шығып кетеді.

Ресми деректерге сүйенсек, бір жыл ішінде кеңсе тауарлары айтарлықтай қымбаттаған. Дәптер құны 77% көтерілсе, түрлі-түсті қарындаш 41% жуықтаған, ал қалам 38%. Сурет дәптерінің бағасы 44% қымбат.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Базардағы бағаны бағамдап көрсек. Мына сөмкенің құны 9 мың теңгеден жоғары. Сатушының көмегімен 5 сынып оқушысына қажеті құрал жабдықтарды жинақтап көрдік. 40 мың теңгеден көп қаржы жұмсалды.

Экономист Сапарбай Жұбаевтың сөзінше, қазақстандық өндірушілер оқу мен кеңсе тауарларының аздаған түрін ғана шығарады. Бағасы импортталатын тауарларға қарағанда арзан емес. Оған себеп өндіретін шикізат та шетелден әкелінеді.

Сапарбай Жұбаев, экономист-сарапшы:
-Бізде ағаш аз, орман жоқтың қасы. 5% орман бар дейді. Бірақ оны кесуге рұқсат жоқ. Сондықтан біз қағаз өндірісі, канцтоварлар өндіру, қалам, қаламсаптар барлығын шетелден аламыз. Шетелде біздің теңгеміздің бағамы өзгереді. Логистика, тасмалдау қаржылар өсті. Сондықтан оның бағасының қымбаттауы заңды нәрсе. Бүгінгі күні Ресейдің санкцияға түсіп, ондағы инфляция жоғары көтерілгеннен кейін, оны да ресейліктер бағаларын көтеріп, өндірісінің тиімділігін арттыруға әрекет жасайды.

Ата-ананың қалтасы қағылса да, бала көңілі үшін бәріне дайын. Ал әлеуметтік осал топтағы 400 мыңнан астам балаға қаржылай көмек көрсетіледі. Мемлекеттен берілетін 40 567 теңге ақшаға мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды өздері таңдап сатып алады.

Авторлары: Диана Қадыр, Мухамедали Тилдабаев