Хабар телеарнасы

Қожеке Назарұлының 200 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті

Алматы облысының Райымбек ауданында белгілі күйші Қожеке Назарұлының 200 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар өтті. Шара барысында дәулескер күйшінің ұлт азаттығы жолындағы күрескерлігі жан-жақты талданып, «Тағдыры күйге айналған Қожеке» атты екі кітап қалың оқырманға жол тартты. Бірінші кітапқа Қожеке Назарұлы туралы жазылған зерттеулер мен тұшымды мақалалар енді. Ал екінші кітапта сазгердің нотаға түсірілген күйлері жинақталған. Қожеке Назарұлы 19-шы ғасырда патшаға қарсы шығып, өктемдікке мойынұсынбай ел-жұртын бастап Қытай асады. Бірақ Қытай билігі күйшіні абақтыға қамап, азаптап өлтірген. Сазгердің нотаға түскен 100-ден астам күйі бар.