Хабар телеарнасы

Астанада 873 аула абаттандырылды

Елорданы абаттандыру бағытында соңғы 5 жылда 1 мыңнан астам жоба іске асырылды. Соның нәтижесінде 181 қоғамдық кеңістік пен 873 аула жаңартылды. Саябақтар мен гүлзарлар, желекжолдар пайда болды. Биыл 31 қоғамдық және 123 аула аумағын абаттандыру жүріп жатыр. Жұртшылықтың жайлы өмір сүруіне, отбасы, балаларымен бірге сейіл құруына қолайлы орындар көбейгені қуантады. Мәселен, Амман және Абылай хан көпірлерінің астында жаяу жүргіншілер өткелдері ашылды. Олар Ақбұлақ өзенінің бойындағы саябақ кластерін жалғайды. Сондай-ақ көгалдандыруға да ерекше көңіл бөлініп жатыр. Астаналық сәулетшілер бұл саябақтар қарбаласқа толы қала өмірінен тыныштық табатын мекенге айналарына сенімді. Ал тұрғындардың пікірі қандай? 

Данияр Шындалиев, Урбанистика орталығы басшысының орынбасары:
-Қазіргі уақытта қаланың аумақтарын белгілеу стратегиясы әзірленуде. Біздің 2024,2025,2026 жылға жоспарларымыз бар. Биыл іске асыру үшін 25 жоба әзірлеп жатырмыз. Сондай-ақ ағаштарды дұрыс отырғызуды, ағаштарды күтіп-баптауды көрсететін ережелер құрылады. Жаңа жасыл технологияларды игеріп бастаймыз. Әрбір жоба үшін мұның бәрі ескерілетін болады.