Хабар телеарнасы

Елде интернет алаяқтар көбейді

Арзан айфон аламын деп алданып қалмаңыз. Алматы қаласында әлеуметтік желіде халықты алдап, телефон сатқан 2 азамат ұсталды. Күдіктілер алаяқтықтың 30 фактісін жасау барысында құрықталған. Ал шығын 15 млн теңгеден асады. Одан басқа қазір онлайн халықтың ақшасын тонауға құмар трансшекаралық сипаттағы хакерлер көбейген. Биылдың өзінде 12 мың қылмыстық іс тіркелді. Банк қызметкерлерінің атынан жамылған ресей азаматының шығыны - 100 млн теңгеден асады. Ал 20 жастағы қарағандылық азамат банктік шотынан 60 млн теңге ұрлауға қатысқан.

Мамандар сақтық шараларын ескеріп, онлайн қылмыстың құрбаны болмауға шақырады.

Рүстем Дүйсетаев, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары: 
- Банк бағдарламасына кіру парольдерін үнемі өзгертуге тырысыңыз, 3D қорғанысын және банктер ұсынатын басқа қауіпсіздік шараларын қолдануды сұраймыз. Себебі төлем жасау үшін жіберілген сілтемелерді жіберіп, 16 таңбалы карта нөмірін біліп алады. Оны білсе жеткілікті. Интернеттегі хакерлік алаяқтыққа ЖСН, үш таңбалы код, құпия сөз қажет емес.