Хабар телеарнасы

Қарағандылық ардагерлер шипажайда демалады

Қарағандылық бір топ тыл және еңбек ардагері Балқаш көлінің жағасында демалу үшін жолға шықты. Оларға облыс әкімдігі тарапынан ең үздік сауықтыру кешендерінің біріне тегін жолдама берілді. Зейнеткерлер замануи үлгідегі шипажайда демалумен қатар ем алады.

Алда шамамен 500 шақырымдық жол. Қарағандылық зейнеткерлер жайлы автобуспен 7 сағатта шипажайға жетеді. 10 күн бойы Балқаш көлінің жағасында ем алып, демалады.

Салкен Дәрібеков, демалушылар тобының жетекшісі:
- 31 кісі 80 асқандар. Қалған 17 80-ге дейінгі 75-тен бастап. Оның шінде барлық ем ұйымдастырылған. Дәрігерлер бар. Физиолечение барлығы дайын.

Тоқташ Асқарұлы, еңбек ардагері: 
- Балқаш қаласындағы санаторияға демалуға ұйымдастырып, соған 50 шақты жасы келген, мемлекетке қызмет істеген қарт-қариялар демалуға бара жатырмыз. Бұл біздер үшін үлкен мәртебе.

Балқаш көлінің жағалауындағы сауықтыру кешенінде заманауи жабдықтың бәрі бар. Білікті дәрігерлер қарияларды тексеруден өткізіп, оларға қажетті ем-шаралары көрсетіледі.

Оралды Төреғожин, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы: 
-Әрбір аудан-қалаларда біздің ұйымдарымыз бар. Соларға тапсырма бергенбіз. Сендер қараңдар деп. Көп зейнеткердің арасынан ең беделді, сыйлы, құрметті, жалғызбастылар мен жағдайы төмендеулері де бар, соларды іріктеп 48 адам жиналды.

Қарағанды облысының ардагерлер кеңесі осыдан 36 жыл бұрын құрылған. Өңірде 200 мыңнан астам зейнеткер бар. Оның 3 мыңы тыл ардагері. Зейнеткерлер: «Осындай демалыс жыл сайын ұйымдастырылса артық етпес еді»,- дейді.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар