Хабар телеарнасы

1 қыркүйектен бастап балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өсті

Мектепке дейінгі мекеме қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар олардың біліктілігін арттыруға ден қойылған. Қызылордалық бөбекжай қызметкерлері IT саласын меңгеру мақсатында тегін курстарды оқиды. Жалпы аймақ бойынша 3 пен 6 жас аралығындағы балғындар балабақшаға барып жүр. Енді 2 жасар бүлдіршіндерді және инклюзивті білім беруді қажет ететін ерекше балаларды қамту мәселесі тұр.

Өңірдегі 600 астам мектепке дейінгі мекеменің 73% жеке сектор үлесінде. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында әдістемелік құралдар үнемі жетілдіріліп отырады.

Зафура Ерназарова, №5 балабақша меңгерушісі:
- Жалақының өсуі педагогтардың жаңа ізденісте жұмыс жасауына, түрлі технологияларды меңгеруіне, жаңашылдық бағытта жұмыс жасауына, педагогикалық шығармашылық, инновациялық жұмыстармен айналысуына үлкен серпілісін беріп жатыр. Біз «САТР» орталығымен, «Өрлеу» институты мамандарымен байланыса отырып, біліктілік курстарынан өтіп, семинарларға қатысып, онлайн, офлайн жағдайда білік-білім дағдыларын өсіріп отырамыз.