Хабар телеарнасы

Ақтөбе облысында 81 бала пилоттық жоба бойынша білім алып жатыр

Биыл Ақтөбе облысында 81 бала пилоттық жоба бойынша білім алып жатыр. Яғни 3 мектептің 10 және 11-сынып оқушылары түске дейін мектепте, түстен кейін колледжде оқиды. Бұл еңбек нарығындағы жұмысшы мамандығына деген сұранысты қамту үшін қолға алынған шара. Бүгінде колледжде бес мамандық бойынша 214 студент оқиды. Жатақхана, қажетті оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтылған. Ал  мектептің жоғарғы сынып оқушыларына арналған тәжірибе жақсы нәтиже көрсетсе, онда алдағы уақытта жобаға қатысатын оқу орындарының саны көбеймек.  

Серік Займолдин, колледж директоры:
-Ол балалар 10-сынып, 11-сыныпты да оқиды. Біздерден келіп қосымша мамандық алады. 15-15 баладан екі мамандықты енгізіп отырмыз. «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша, сосын «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқытып жатырмыз. Бұл бағдарлама енді оқушыларға өте тиімді бағдарлама. Өздерінің аттестатымен бірге, қосымша диплом алады. Бір жарым жыл оқиды.