Хабар телеарнасы

Астанада KAZENERGY Еуразиялық Форумы басталды

Астанада 15-ші  KAZENERGY Еуразиялық Форумы басталды. Ол Қазақстан энергия апталығы аясында өтіп жатыр. Әлемнің 50 шақты елінен жиналған мыңнан астам энергетика сарапшысы 4 күн бойы саладағы түрлі мәселелерді талқылайды. Бұдан бөлек апталық шеңберінде Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдерінің энергетика форумы да өтеді. Сондай-ақ отандық мамандар Қазақстанның Ұлттық энергетикалық баяндамасын таныстырады. Ал онда еліміздің энергетикалық қауіпсіздігінің концепциясы жарияланады. Айта кетейін, Президент бұл мәселені Жолдауда тапсырған болатын.

Кенжебек Ибрашев, Қазақстан Мұнай-газ және Энергетика кешені қауымдастығының бас директоры:
-Орта мерзімге жасалған жоспар бойынша Қазақстанда электр қуатын өндіруде газ үлкен рөл атқарады. Алайда көмірден де бірден бас тарта алмаймыз. Сондай-ақ күн және желден баламалы энергия алу ісі жалғасады. Одан бөлек мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылығын арттыру қажет. Осының барлығы алдағы 20 жылдың ішінде жүзеге асырылады.